26 Қар 2022
Жаңалықтар

"Геймификация жаратылыстану пəндерінде" зерттеу сабағы

«Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің Әдістемелік кеңестің жоспарына сәйкес ДОІЖО Мукенова А.Б. және мектеп тренерлері Сабақты зерттеу үдерісі бойынша «Геймификация жаратылыстану пәндерінде» тақырыбында зерттеу тобымен отырыс өтті. Отырыс барысында зерттеу мақсаты, зерттелетін сынып талқыланып, анықталды. Топ мүшелерімен 8-сыныпқа биология пәні бойынша «Дәрумендер және олардың маңызы» тақырыбында сабақ жоспары талқыланды. Зерттеу сабағын биология пәнінің мұғалімі Чукушева Гүлжан өткізді. Сабақты зерттеудің бірінші циклінің сабағын талдау барысында зерттеу тобы зерттеу сабағын қайта қарау жолдары анықталды. Зерттеу тобына мектеп тренерлері А.Казимовна, Б.Башенова, А.Аскарова, тарих пәнінің мұғалімдері Ғ.Шапиева,Ж.Серікбеков және география пәнінің мұғалімі Г.Мукатаева белсенділік танытты.

 

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар