29 Қар 2022
Жаңалықтар

"Отбасы жəне бала тəрбиесі" тақырыбында ата - аналар жиналысы болып өтті

Қ.Сəтпаев атындағы Жəнтікей орта мектебінде "Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" акциясы аясында "Отбасы жəне бала тəрбиесі" тақырыбында 9 - 11 сыныптың ата - аналар жиналысы болып өтті. Ата - аналар жиналысын мектеп директоры А.Ожаева мақсатымен таныстырып, кіріспе сөзбен ашты. Сынып жетекшілер отбасы, бала тəрбиесі туралы слайд көрсетіп түрлі əдіс - тəсілдер мен бейне жазбалар ұсынды. Мектеп психологі Қ.Сыдықова тренинг жүргізіп, ата - аналармен түрлі ойындар ойнатылып, сауалнама жүргізілді. Жиналыста ата - аналар өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті. Жиналыстың соңында мектеппен тығыз байланысып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын балалардың ата - аналарына мақтау грамоталары табыс етілді. Мақсаты: Отбасындағы тəрбие өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата - ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, ата - ананың оқу тəрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар